№112 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектебіміздің тарихы
Алғашқы 1941-1942 оқу жылында мектеп директоры орыс жігіті, ол орынбасары Қожанов деген жігіт болды. Көп ұзамай мектеп мұғалімдері түгел дерлік және оқушылардың көпшілігі соғысқа аттанды. Соғыс кезінде мектеп директоры Украйн әйелі Кравченко болды.
Мектеп Киров ауданы және іргелес жатқан аудандардың ішінде ерекше көзге түсті. 1944 жылы Киров ауданы бөлініп, орталығы құрылыс мекемесіне (стройконтора) басқа мекемелер жертөлелерге орналасты. Аудандық оқу бөлімі «Победа» мектебінің дирекциясы орналасқан жертөленің бір бөлмесіне орналасты.
1944-1950 жылдары К. Төребеков, 1953-1957 жылдары Байтоғаева, 1957-1958жылдары Дәуленбаев 1958-1959жылдары Сәлібеков, 1959-1963 жылдары Күлбаев,1963-1964 жылдары Шадманов, 1964-1967 жылдары Л.Тұрсынбеков, 1967жылдары Ж.Әсілов 6-ай шамасында Н. Жұмағұлов, кейінгі жылдары К.Әсілов,Ш Саттарова деген азаматтар басқарды.
1998-1999 оқу жылында Ахмет Байтұрсынов орта мектебі «Горький» орта мектебіне қосылды.
2000-2001 оқу жылында №112 орта мектебі болып қайта бөліп шықты.
2000-2007 жылдары мектеп директорлығын Ж.Нуралиева басқарды.
2007-2011 жылдары Д. Кадирханов басқарды.2011-2013 жылдары Б.Шырымбекова директор болған болса, 2013 жылдан бері қазіргі уақытта мектепті Байжанова Майра Альмахановна басқарып келеді.
№112 орта мектебі Асықата өңіріндегі бірнеше білім ордаларының қара шаңырағы. Қазіргі «Ынтымақ», «Жеңіс», «Асықата» «Қайнар» орта мектептері (бұрынғы «Соцализм», «Горький»,«Абай», «Шоқан»)осы мектептен бөлініп, отау тіккен. №112 мектебін 1948 жылдан 2000 жылға дейін 383184 түлек бітірген.
2001жылы мектептің 60 жылдық мерейтойы тойланды.
Мектебімізде 439 бала білім алуда 27 сынып комплектісі бар. Мектепте 58 ұстаз қызмет етеді. Олардың барлығы да жоғары білімді ұстаздар. Мұғалімдердің 9 жоғары санатты, 18 бірінші санатты, 22 екінші санатты, 9 санаты жоқ ұстаздар.
Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Жаңа ғасыр-тарихи өнер жаршысы» атты фестивалде мектеп ұжымы жүлделі І орынға ие болды.
Облыста өткен мектеп жасындағы айтыскерлер мен термешілер сайысында мектебіміздің 10ә сынып оқушысы Абдраманов Ардагер қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мектепте кіші ғылым академиясы жұмыс істейді. Жетекшісі Халматова Нурхан.
Оқытудың сапасы мен оқушылардың белсенділігін арттыруда білімділік пен біліктілік деңгейін жоғарлату барысында мектебіміздің әдістемелік кеңесі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Байжанова Майра Альмахановна
Туған жылы, айы, күні: 29.10.1969ж
Бітірген оқу орны: Қаз МПУ-1992ж
Өтілі: 20 жыл
Санаты: жоғары
Мақсаты: Оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, өз Отанының патриоттық азаматы етіп тәрбиелеу.